Зеленский үш елдің компанияларына қарсы санкция енгізді

80

Munarmedia.kz.18.08.2025 /Астана/-Украина президенті Владимир Зеленский Ресей, Беларусь және Қытайдың жасанды интеллект негізінде дрондар жасайтын компанияларына қарсы жаңа санкциялар жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, шектеулер 39 жеке тұлға мен 55 компанияға (оның ішінде 43-і ресейлік, 10-ы қытайлық және екеуі беларусьтік) қатысты қабылданған.

Жаңа санкциялар аясында Ресейдің ондаған қорғаныс кәсіпорындары, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік кешенмен әріптестік орнатқан шетелдік фирмалар мен олардың басшылары қара тізімге енгізілді.

Қабылданған шектеулерге активтерді бұғаттау, сауда операцияларына тыйым салу және технологияларға қол жеткізуді шектеу кіреді.

Фото: әлеуметтік желілер