Munarmedia.kz 12.11.2025 /Астана/ Қазақстандықтар жақын уақытта зейнетақы жинақтарын пайдаланып, ипотекалық қарызды азайта немесе несие мерзімін қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген жаңа жоба арқылы енгізілмек.
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес, азаматтар өздерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатын:
-
ипотеканың негізгі қарызын өтеуге;
-
ай сайынғы төлемді азайтуға;
-
немесе несие мерзімін қысқартуға пайдалана алады.
Бұл өзгеріс қарыз жүктемесін төмендету және қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізілуде.
Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық:
-
ипотекасын бірнеше жыл бұрын алған және әлі айтарлықтай қарызы бар азаматтарға;
-
табысы азайған немесе қайта қаржыландыруға мүмкіндік іздеп жүрген қарыз иелеріне;
-
сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын тиімді бағытта пайдаланғысы келетін адамдарға пайдалы болмақ.
Құжат жобасы қазір ашық талқылауда. Ұсыныстар мен пікірлер 21 қарашаға дейін қабылданады.
Экономистердің пікірінше, бұл бастама тұрғындардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ банк жүйесіндегі тәуекелдерді төмендетуге оң әсер етеді.