Жамбыл облысында көлік инспекторы басшыларын жемқорлыққа айыптап, Президентке үндеу жасады

19

Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/


Жамбыл облысында көлік бақылау инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Булатбеков өз басшылығына қарсы ашық айыптаулар айтып, ел Президентіне бейнеүндеу жолдады.

Оның айтуынша, инспекция басшысы Ерлан Ермекбаев пен бөлім бастықтарының бірі Ербол Құлымбет бірнеше жыл бойы жүйелі түрде жемқорлық схемаларын ұйымдастырып, қызметкерлерден ақша жинаған, параларды жасырып, өкілеттілігін асыра пайдаланған және заңды жиі бұзған.

Булатбеков өзіне «схемаларға» қатысудан бас тартқаны үшін қысым көрсетіліп, қоқан-лоққы жасалғанын мәлімдеді. Ол 18 шілде күні ресми түрде бірнеше органға — Президент әкімшілігіне, Көлік комитетіне, антикоррупциялық қызметке (сол кезде жұмыс істеп тұрған) және Бас прокуратураға шағым түсірген. Алайда оның айтуынша, әлі күнге дейін ешқандай жауап болмаған.