Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-Құрық ауылындағы мектептің акт залының шатыры таңертең опырылып түсті. Абырой болғанда, жазғы демалыс уақытында болғандықтан, ғимаратта ешкім болмаған.
Маңғыстау облысының әкімдігі оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатқанын, арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аталған мектеп ғимаратына небәрі 16 жыл ғана болған. Инфрақұрылым үшін бұл — жаңа нысанмен тең. Алайда жағдай көрсеткендей, не ғимаратқа тиісті күтім жасалмаған, не құрылыс сапасы бастапқыда талапқа сай болмаған.