Қазақстанда алкогольді тек арнайы дүкендерде сатуға ұсыныс жасалды

32

Munarmedia.kz 26.07.2025 ж./Астана/-Қазақстанда алкоголь өнімдерін сатуға қатысты талаптар күшейтілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі лицензия беру тәртібін шектеуді және спиртті ішімдіктерді тек қатаң жұмыс кестесі бар арнайы дүкендерде сатуға рұқсат етуді ұсынып отыр.

Ведомство дерегінше, биыл алкоголь саудасы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, бизнеске 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар 2 мыңнан астам компания лицензиясынан айырылған. Алайда көптеген кәсіпкерлер жаңа лицензияны басқа адамдардың атына рәсімдеу немесе тәулік бойы жұмыс істейтін барлардың атын жамылып, саудасын жалғастырып келеді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, қазірдің өзінде ел бойынша 11 мың адамға қоғамдық орындарда алкоголь тұтынуға тыйым салынған. Бұған қоса, 402 елді мекеннің тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан толық бас тартқан.

МВД елдегі алкоголизациямен күресті жалғастырып, бұл процеске қоғамды кеңінен тартуды жоспарлап отыр.