ҰҚК Алматыда терактінің алдын алды

59


Munarmedia.kz 29.10.2025 / Астана  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында террорлық шабуылдың жолын кескенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, терактіні бес шетел азаматы ұйымдастырмақ болған.

«2025 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында бес шетелдік азаматтың қатысуымен дайындалып жатқан терактінің алдын алу мүмкін болды», — делінген КНБ таратқан ресми ақпаратта.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар комитет соңғы екі айда терроризмді насихаттады деген күдікпен сегіз қазақстандық ұсталғанын, ал алтауы террорлық және экстремистік қылмыстар үшін түрлі мерзімге сотталғанын хабарлады.

Жалпы, жыл басынан бері терроризм баптары бойынша 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың алтауы — шетел азаматтары.