Munarmedia.kz 29.10.2025 / Астана Маңғыстау облысындағы Бейнеу теміржолының 12-учаскесінің жұмысшылары әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялап, басшылықтың дереу отставкаға кетуін талап етті. Бұл туралы Central Media24.kz хабарлады.
Жұмысшылардың айтуынша, кезекті жанжалдың туындауына 14-учаске бастығы Ерназар Изтурғанов тарапынан жасалған қорқыту мен қысым себеп болған.
Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі бұл жағдайды «ішкі өндірістік кикілжің» деп сипаттады.
«Аталған оқиға тұрмыстық сипаттағы ішкі дау, яғни жеке қызметкерлер мен аймақтық басшылық арасындағы түсінбеушіліктен туындаған», — делінген ҚТЖ хабарламасында.
Қазір ұлттық компанияның орталық аппараты мен «Магистральдық желі дирекциясы» филиалынан арнайы жұмыс тобы Маңғыстау өңіріне жіберілді. Сарапшылар қызметтік тексеріс жүргізіп, жұмысшылардың үндеуінде айтылған барлық деректерге баға бермек.