Украина Ресейдің бес баспасына және бірқатар тұлғасына қарсы санкция енгізді

37

Munarmedia.kz 10.11.2025 /Астана/-Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бес кітап баспасы мен бірнеше азаматқа қатысты санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.

Санкция тізіміне келесі баспалар енген: «Книжный мир», «Вече», «Центрполиграф», «Яуза» және «Питер».

Зеленскийдің айтуынша, бұл баспалар «ресейлік агрессияны ақтап, үгіт-насихат материалдарын тарату арқылы әлемдік аудиторияға ықпал етуге тырысып отыр».

Президенттің қолы қойылған тағы бір жарлық бойынша, санкциялар Ресейдің Украина аумағындағы оккупациялық әкімшіліктерінде қызмет атқаратын бірнеше тұлғаға және Украинаның бұрынғы Конституциялық сот төрағасы Александр Тупицкийге қатысты енгізілді.

Сонымен қатар тізімге Ресей президентінің арнайы өкілі, АҚШ-пен келіссөздерге қатысып жүрген Кирилл Дмитриев те енгізілген.