Munarmedia.kz.14.08.2025 / Астана-Түркістан облысының тұрғыны өзінің отбасын сегіз адамнан құралған, көршісі бастаған топ соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиға Сайрам ауданында болған. Шамамен сегіз адам өзгенің үйіне рұқсатсыз кіріп, отбасы мүшелерін аяусыз ұрып-соққан. Жәбірленушілерді ауылдың басқа тұрғындары араласып құтқарған.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада зардап шеккендердің бірі шабуыл кезінде өзінің анасымен, әкесімен және досымен бірге зардап шеккенін айтады. Оның сөзінше, шабуылдаушылар оларды бір сағат бойы соққыға жыққан. Жәбірленушілердің арасында бас миының шайқалуы, аяқ-қолдың сынуы сияқты ауыр жарақат алғандар бар. Шабуылдың себебі аталмаған.
Облыстық полиция департаменті Liter.kz-ке берген түсініктемесінде Сайрам ауданында дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаға қатысы бар барлық адам полицияға жеткізіліп, жауап алынған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көршілер арасындағы жанжал тұрмыстық себептен шыққан. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.