📍 Munarmedia.kz | 01.09.2025 АҚШ Президенті Дональд Трамп егер Ресей мен Украина тараптары келіссөздер барысында ымыраға келуге дайын болмаса, Вашингтон бұл дипломатиялық процестен толықтай бас тартуы ықтимал. Бұл туралы Axios басылымы 30 тамыз күні Ақ үйдегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Exclusive.kz.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, Трамп әкімшілігінің кейбір өкілдері Еуропаны бейбіт реттеу процесіне кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Атап айтқанда, еуропалық көшбасшылар АҚШ бастамасын ресми түрде қолдағанымен, жабық есік жағдайындағы келіссөздерде Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы Аляскадағы саммиттен кейінгі оң динамиканы тежеп отыр деген пікір бар.
Ақ үй Еуропаның ұстанымына наразы
Axios мәлімдеуінше, Ақ үйде Еуропа елдерінің ұстанымына қатысты көңіл толмаушылық байқалады. АҚШ шенеуніктерінің пікірінше, еуропалық көшбасшылар Киевке Мәскеуге аумақтық жеңілдіктер жасау жөнінде қысым көрсетіп жатыр. Алайда бұл талаптар реалистік шеңберден тыс, әрі Украина үшін орындалуы қиын шарттар саналады.
Сонымен қатар Еуропа президент Владимир Зеленскийге қысым жасап, оны «тиімдірек келісімге» көндіруге тырысып жатыр. Бұл Трамп әкімшілігінің наразылығын тудырып отыр.
Ақ үй: “Шығынды Америка көтермеуі керек”
Трамп әкімшілігінің пікірінше, Еуропа елдері бір жағынан — соғысты ұзартуға ықпал етіп, екінші жағынан — негізсіз үміттер қалыптастырып отыр. Ал бұл кезде экономикалық және әскери шығынның басым бөлігін АҚШ көтеруге мәжбүр.
«Егер Еуропа қақтығыстың ушығуын қаласа, онда соның салдары үшін жауапкершілікті де өзі көтеруі тиіс», — делінген Ақ үй өкілдерінің ұстанымында.
📷 Фото: Depositphotos