БАҚ: Си Цзиньпин ШЫҰ саммиті аясында тек үш көшбасшымен жеке кездесу өткізді

36



📍 Munarmedia.kz | 01.09.2025 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Тяньцзиньде өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті қарсаңында 22 мемлекет басшысы келгеніне қарамастан, тек үш елдің көшбасшыларымен ғана жеке кездесу өткізді. Бұл туралы Қытай және Қазақстан ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып Exclusive.kz хабарлайды.

Си Цзиньпин жеке қабылдаған құрметті меймандар қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди болды.

Қытай тарапы Қазақстанға ерекше мән берді

Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы кешкі кездесу екі сағатқа созылып, сенімді әрі жылы атмосферада өткен. Журналистердің айтуынша, Қытай басшысы Тоқаевқа бірнеше рет «қымбатты досым» деп тіл қатқан. Бұл — Қытай тарапының қазақ делегациясына деген ерекше құрметі мен жоғары деңгейдегі қатынасын білдіреді.

Кездесу кезінде екі ел көшбасшысы өзара қазақ және қытай тілдерінде сөйлескен. Тоқаев қытай тілін жетік меңгергеніне қарамастан, ресми келіссөздерде ана тілінде — қазақ тілінде сөйлеген.

ШЫҰ тарихындағы ең ауқымды саммит

Еске салайық, екі күнге жоспарланған ШЫҰ саммиті 2025 жылдың 31 тамызында Тяньцзинь қаласында басталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — ШЫҰ тарихындағы ең ауқымды жиын болып отыр.

📷 Фото: Ақорда