Munarmedia.kz.15.09.2025 ж. /Астана/- АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News-ке берген сұхбатында әкімшілігі Джордж Сорос пен оның отбасысына қатысты тергеу жүргізуі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Трамптың сөзінше, наразылық акцияларына қатысушылар Сорос пен өзге тұлғалардан қаржылай қолдау алып отыр деген күдік бар. Ол қаржыгердің әрекеттері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы қолданылатын RICO заңы аясында қарастырылуы мүмкін екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, мәселе тек жекелеген наразылықтарда емес, одан да ауқымды тәртіпсіздіктерде болып отыр. Дегенмен, тергеудің нақты қандай негізде басталатынын ол ашып көрсетпеді.
Айта кетсек, Трамп бұған дейін де Сорос пен оның ұлына қатысты тергеу қажеттігін бірнеше рет көтерген. Алайда қай ұлы жөнінде айтқаны нақтыланбады. Өз кезегінде миллиардердің өкілі барлық айыптауларды жоққа шығарды.