Munarmedia.kz 24.08.2025 /Астана/_АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде Мәскеуге қарсы «ауқымды санкциялар» енгізу немесе ешқандай шара қолданбау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Украинадағы бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетуге қатысты күш-жігерді және Ресей бұл үдеріске ықпал етуден бас тартқан жағдайда оған қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін түсіндіре отырып, жұма күні, 22 тамызда, бұл мәселеге қатысты шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын хабарлады. Бұл туралы Exclusive.kz DW агенттігіне сілтеме жасап жазады.
Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Ресейге қарсы «ауқымды санкциялар» енгізуі мүмкін — немесе «ештеңе» істемеуі де ықтимал. «Танго билеу үшін екі адам керек», — деп келтіреді оның сөзін AFP агенттігі. Ақпарат көзінің мәліметінше, Ақ үйдегі баспасөз конференциясына Трамп «Трамп бәрінде де дұрыс болған» деген жазуы бар бас киім киіп келген.
«Екі аптадан кейін мен қандай жолмен жүретінімді білетін боламын, — деді АҚШ президенті. — Бұл дегеніміз, біз ауқымды санкциялар енгіземіз бе, әлде ауқымды кедендік баж салығын саламыз ба, немесе екеуін де жүзеге асырамыз ба — немесе мүлде ештеңе жасамай, "Бұл — сіздердің күрестеріңіз" дейміз».
Фото: Jacquelyn Martin/AP Photo/picture alliance