Munarmedia.kz. 27.07.2025 ж. /Астана/
АҚШ-та кадрлық қысқартулар жалғасуда: бұл жолы Дональд Трамптың реформалары NASA-ға жетті. Ұлттық аэронавтика және ғарышты зерттеу басқармасының шамамен 20%-ы қызметкерлерінен айырылады.
Deutsche Welle дерегінше, барлығы 3 870 қызметкер жұмыстан босатылмақ, ал шамамен 14 мың қызметкер өз орындарында қалады.
NASA-дағы қысқарту науқаны туралы алғаш рет наурыз айында хабарланған болатын. Сол кезде агенттіктің 23 қызметкері, оның ішінде бас ғылыми қызметкері және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі аға кеңесші Кэтрин Кельвин жұмыстан шығарылған еді.
– «Кадрлық құрамды оңтайландыру мақсатында және атқарушы құрылымдардың нұсқауына сәйкес агенттік кезең-кезеңімен қысқарту жүргізеді», – деп хабарлаған болатын NASA өкілдері.
Шілде айында Трамп NASA-ның уақытша директоры қызметіне көлік министрі Шон Даффиді тағайындады. Сондай-ақ президент Илон Маск ұсынған Джаред Айзекманның кандидатурасын қабылдамай тастады.
2025 жылдың қаңтарынан бері АҚШ президентінің әкімшілігі мемлекеттік мекемелер мен ғылыми институттарда ауқымды кадрлық тазарту жүргізіп келеді. Бұл бастамалардың барлығы Дональд Трамптың жеке бастамасы болып саналады.