Munarmedia.kz. 27.07.2025 ж. /Астана/- Бұған дейін әскери қақтығыстар екі елдің солтүстік шекара бөлігінде шоғырланған болса, Deutsche Welle мәліметінше, енді оңтүстікте жаңа майдан ашылған.
Қазіргі уақытта шайқастар Таиландтың Трат және Чантхабури атты теңіз жағалауы провинцияларында жүріп жатыр. Бұл аймақтар Бангкоктан бар-жоғы 200 шақырым, ал танымал Паттайя курортынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан. Таиланд қарулы күштері қақтығыс аймағында әскери-теңіз күштерін іске қосты.
Жергілікті БАҚ дерегінше, Прэахвихеа ғибадатханасы маңындағы даулы аумаққа байланысты кезекті шиеленіс барысында 30-ға жуық адам қаза тапқан. Сонымен қатар 130 мыңнан астам шекара маңындағы тұрғындар эвакуацияланған.
Бұған дейін Таиланд Камбоджамен шекарадағы өңірде әскери жағдай жариялаған еді. «Орда» редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады. Алайда ведомство қазақстандық туристерге Камбоджа мен Таиландқа сапар қауіптілігі жөнінде ресми ескерту жасай ма, жоқ па – бұл туралы нақты мәлімет берген жоқ.
Фото: Pixabay.