Тоқаев дәрігерлерге жасалған шабуылдар үшін жазаны күшейтуді тапсырды

20


Munarmedia.kz.24.07.2025/Астана/-Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану және қатыгездік таныту жағдайлары үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Оның айтуынша, Президент депутаттар, медициналық қауымдастық өкілдері және белсенді азаматтардың дәрігерлерге күш көрсету немесе қатыгездік көрсету фактілері бойынша жауапкершілікті қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын қолдайды.

Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулерді әзірлеп, оларды азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Парламентте талқылауға енгізуді тапсырды.

Руслан Желдібайдың айтуынша, медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген оқиға «Заң және Тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық шаралармен тоқтатылуы тиіс.