Munarmedia.kz 21.08.2025 /Астана/-20 тамыз күні Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика мен бюджет жоспарлау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және өзге де жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кеңесте ұлттық экономиканың қазіргі ахуалы мен даму перспективалары, сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет параметрлері бойынша есептер тыңдалды.
Талқылау барысында Мемлекет басшысы қаржыны республикалық және жергілікті деңгейлерде сапалы жоспарлау мен әділ бөлу ісінің маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, бюджет теңгерімділігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына, өңірлердің ұзақ мерзімді жоспарларын қаржыландыруға және бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуына баса назар аудару қажет.
Фото: Ақорда