Таиланд пен Камбоджа шекаралық қақтығысы ашық қарулы қимылға ұласты

70

Munarmedia.kz.25.07.2027 ж./Астана/-24 шілде күні Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар басталды. Тараптар оқ атуды бір-бірінен көреді. БАҚ дерегінше, камбоджалық әскерилер реактивті артиллериядан соққы берген, ал Таиланд ӘӘК Камбоджа аумағына әуе шабуылын жасаған.

Қақтығысқа байланысты Таиландтың төрт шекаралас провинциясында бейбіт тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр. Эскалацияның себебі ретінде Таиланд әскері даулы аймақта минаға түскен оқиға аталады. Таиланд Камбоджаны әдейі мина орнатты деп айыптады.

Бұл шиеленіс ғасырлық территориялық даудан туындайды. Аймақтың шекаралары кезінде Францияның отарлық саясаты нәтижесінде этникалық және мәдени ерекшеліктер ескерілмей белгіленген. Камбоджалықтар тарихи жерлерінің бір бөлігін жоғалтқанын ұмытпайды, ал Таиландта «аймақтағы тай халықтарын біріктіру» идеясы мезгіл-мезгіл көтеріледі.

Тарихи бәсекелестік ішкі саяси дағдарыстармен де күшейіп отыр. Таиландта Чинават кланы мен әскери элита арасындағы текетірес өршіп тұр. Камбоджада жас премьер-министр Хун Манет әкесінің ұзақ билігінен кейін өз саяси дербестігін дәлелдеуге тырысуда. Бұл жағдайда сыртқы шиеленіс билікті нығайтудың құралы ретінде қаралуы мүмкін.

Сондай-ақ, қақтығыстың артында сыртқы ойыншылардың ықпалы байқалады. Камбоджа Қытаймен тығыз байланыста болса, Таиланд АҚШ-тың одақтасы бола тұра, Вашингтон мен Бейжің арасында тепе-теңдік сақтауға тырысып келеді.

Буддистік дәстүрге бай екі мемлекеттің соғыс шегіне жетуі – геосаясат рухани құндылықтардан әрқашан басым түсетінін еске салатын алаңдатарлық белгі.