Munarmedia.kz.25.07.2027 ж./Астана/ Жақында Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстан халқына және Алматы тұрғындарына арнап бейнеүндеу жариялады. " Алматы атам замаңғы тарихта қазақтың іргелі қалаларының бірі бүгінде дамыған мегополиске айналды. Өркендеп, дамығанын қолдаймыз. Алайда миллиондаған күнделікті автокөліктердің кептелістерде шашатын улы газдарының әсерінен мыңдаған алматылық тұрғындардың денсаулығына қауіп төнуде дейді. Осыған байланысты "Байтақ" жасылдар партиясы Алматы ауасын тазалаудың нақты жоспарын әзірлеп ұсынуға дайын. Жақын күндері Алматы әкімдігіне ұсынбақ. Одан нәтиже болмаса Үкіметке жолдаймыз" деді.
Азаматхан Әміртаев пен оның басқаруындағы "Байтақ" жасылдар партиясы еліміздің қоршаған ортаны қорғау, экологияны тазарту мақсатында жұмыс істеп келе жатқан реми ұйым. Жүйелі бастаманы барша халық болып қолдап, Алматы ғана емес ірі мегаполистермен шағын қалалардағы зауыттар мен фабрикалардан, көліктерден шығатын түтіннен келетін зиянды қоғам өкілдерімен және экология саласымен айналысатын ғылыми ортамен де тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар " Almaty Air Initiative" қорының атқарушы директоры Жұлдыз Саулебекованың Exclusive сайтына берген сұқбатында "Әрбір алматылық таза ауамен тыныстауға құқылы. PM2.5 көрсеткіші ДДҰ нормасынан 5 есе жоғары, ал жылына 200-ден аса күн ауа тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді. 2024 жылы Алматыда небәрі 16 күн ғана ауа таза болды. Азот диоксидінің (NO₂) концентрациясы да шекті мөлшерден төрт есе көп. Саулебекованың айтуынша, ауа сапасының төмендігі қаладағы көші-қон процестеріне де әсер етуде – соңғы жылдары релоканттардың Алматыдан кету себебінің бастысы – лас ауа.
ТЭЦ-терді газға көшіру, көлікті экологияландыру, қатты отынды азайту сияқты шешімдерсіз нәтиже болмайды. Оның айтуынша, Алматыға Англия мен Қытай тәжірибесін бейімдеу қажет: ескі көліктерді өтемақымен шығару, қаладағы көлік санын азайту және заманауи мониторинг жүйесін енгізу қажет" деген еді.
Алматы ауасының ластануы көптеген қоғамдық ұйымдарды алаңдатып отыр. Мүндай жағдайда "Байтақ" жасылдар партиясы пен экологиялық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасаса нәтижелі болары сөзсіз.
Фото: ашық дереккөздер