Баку Мәскеуден кешірім сұрауды талап етуде

85

Munarmedia.kz. 27.07.2025 ж. /Астана/

Әзербайжан билігі 2024 жылғы желтоқсанда Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты Ресейдің жауапкершілігін мойындауын талап етуде. Бұл жөнінде ел президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев немістің Berliner Zeitung басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Гаджиевтің айтуынша, бұл қайғылы оқиға Әзербайжан мен Ресей арасындағы қатынастарда бетбұрыс кезеңіне айналған.

«Апат Ресей аумағында, ресейлік әуе кеңістігінде болды. Біз оның қалай болғанын жақсы білеміз – бұл енді құпия емес», – деп атап өтті ол.

Бұған дейін президент Ильхам Әлиев ресейлік билікке қарсы талап арыз әзірленіп жатқанын хабарлаған. Себебі апаттан бері жеті ай өтсе де, Мәскеуден ресми жауап алынбаған.