Munarmedia.kz 14.04.2026/Astana/ – Полиция қызметкерлері шетел азаматтарын Қазақстанға заңсыз кіргізіп, оларды ақшаға заңдастырумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Операция барысында 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт, оргтехника және жалған еңбек келісімшарттары тәркіленді.
Ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 13 қатысушы полицияға жеткізілді. Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, күдіктілерге қатысты заңсыз көші-қон ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомство көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген дерегі жазасыз қалмайтынын ескертті.
#Шымкент #КөшіҚон #ЗаңсызМиграция #ІІМ #Қылмыс