Қазақстандықтар табысының 80% салықтар мен негізі қажетті заттарға ғана жұмсайды

7

Munarmedia.kz 14.04.2026/Astana/ – Қазақстандықтар табысының шамамен 80 пайызын салықтар мен негізгі қажеттіліктерге жұмсайды. Мұндай пікірді экономист Расул Султанов білдірді.

Ол өзінің Telegram-арнасында айына 1 млн теңге (жылына 12 млн теңге) жалақы мысалын қарастырған. Сарапшының айтуынша, міндетті салықтар мен төлемдерді шегергеннен кейін қолда 9 659 700 теңге қалады. Осылайша, шамамен 2,3 млн теңге немесе табыстың 19,5 пайызы мемлекетке бағытталады.

Бұдан кейін негізгі шығындар айтарлықтай үлесті алады. Айына 150 мың теңге көлеміндегі жалдау ақысы немесе ипотека және шамамен 40 мың теңге коммуналдық төлемдерді есептегенде, жылдық шығындар 2,28 млн теңгені құрайды. Нәтижесінде қолда қалатын табыс 7,38 млн теңгеге дейін төмендейді.

Осылайша, табыстың 38,5 пайызы міндетті төлемдер мен тұрғын үйге жұмсалады.

Экономистің айтуынша, ең ірі шығын бабы – азық-түлік. Қазақстан Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, төртінші тоқсанда үй шаруашылықтары табысының 52,4 пайызына дейін азық-түлікке жұмсалады. Бұл көрсеткішті қалған сомаға қолданғанда, жылдық азық-түлік шығыны шамамен 5 058 930 теңгені құрайды.

Нәтижесінде, азаматтың қолында 2,32 млн теңге немесе бастапқы табыстың 19,3 пайызы ғана қалады.

#Қазақстан #Экономика #Салық #Табыс #Шығын #Әлеумет