Munarmedia.kz 14.04.2026/Astana/ – Қырғызстан Энергетика министрлігі 2026 жылы 13 жаңа шағын су электр станциясын (ГЭС) пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, жаңа нысандардың жиынтық қуаты 81,03 МВт-ты құрайды. Жыл сайын олар 348,3 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.
Аталған бастама елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайту және экспорттық әлеуетін арттыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Айта кетейік, 2021–2025 жылдар аралығында Қырғызстанда жалпы қуаты 109,8 МВт болатын 27 шағын ГЭС іске қосылған. Ал 2026–2030 жылдары тағы 48 гидроэлектростанцияны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
#Қырғызстан #Энергетика #ГЭС #ЭнергетикалықТәуелсіздік #Инфрақұрылым