Степногорск қаласының тұрғындары ертегілер қалашығының жаңа жылдық безендірілуін көз жасты күлкімен қабылдады

16

Munarmedia 25.12.2025 / Астана / –Ақмола облысындағы Степногорск қаласының тұрғындары ертегілер қалашығының жаңа жылдық безендірілуін көз жасты күлкімен қабылдады

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласында орнатылған жаңа жылдық ертегілер қалашығы жергілікті тұрғындар арасында қызу талқылауға себеп болды. Қала тұрғындарының айтуынша, мерекелік композициядағы Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі кәсіби шеберліктен гөрі, қараңғыда балтамен шапқандай әсер қалдырады. Ал өзге кейіпкерлер бұл «шығармашылық үдерістің» кездейсоқ куәгерлеріне ұқсайды.

Тұрғындардың ерекше түсінбеушілігін тудырған жайт – аталған мерекелік безендіруге 10 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалғаны туралы ақпарат. Қомақты қаражаттың игерілуі мен алынған нәтиже арасындағы сәйкессіздік қоғам назарын аударып отыр.

Соған қарамастан, тұрғындар арасында бұл жобаның бір артықшылығы да айтылуда: мұндай безендіруді өзге ешбір қаланың мерекелік нысандарымен шатастыру мүмкін емес.

Дегенмен, степногорскіліктердің көңіл күйіне бұл да кедергі бола қойған жоқ. Қала тұрғындары ерекше, тіпті «брутальды» сипатқа ие Ақшақар мүсінінің аясында естелік суретке түсуге асығуда.