Munarmedia.kz 08.11.2025 /Астана/ АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 2028 жылғы президенттік сайлауда Республикалық партиядан басты үміткер болуы мүмкін тұлға ретінде вице-президент Джей Ди Вэнсті атады.
Politico басылымының хабарлауынша, Рубионың пікірін жақсы білетін дереккөздер оның жеке әңгімелерінде Вэнстің партия атынан ресми түрде кандидат атануға барлық мүмкіндігі бар екенін айтқанын жеткізген.
“Марко анық айтты — егер Джей Ди өзі қаласа, Республикалық партия атынан сайлауға түседі”, – деп мәлімдеген Рубиоға жақын дереккөз басылымға.