MUNARMEDIA.KZ 11.09.2025 /АСТАНА/-Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына «Справедливая Россия — За правду» фракциясының депутаттары, Сергей Мироновтың жетекшілігімен, жаңа заң жобасы ұсынылды. Құжатта еңбек мигранттарының өз отбасын Ресейге әкелуіне шектеу қою көзделген.
Жоба авторлары бұл нормадан тек Беларусь азаматтары мен «жоғары білікті мамандарға» ғана ерекшелік жасалатынын атап өтті.
Депутаттардың пайымдауынша, еңбек мигранттарының отбасылары елдегі білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша ауыртпалық түсіреді. Ал мигранттардан түсетін салықтар мен патенттік төлемдер бюджет шығынын өтей алмайды.
Есеп бойынша, аталған тыйым енгізілсе, миграциялық ағым 15–20 пайызға қысқаруы ықтимал.
Бұған дейін журналист Павел Пряников Ресейде Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарына қатысты бақылау шараларының күшеюі мен түрлі әкімшілік кедергілердің артуын олардың ресейлік азаматтықты алуға ынталандыру мақсатымен түсіндірген болатын.