Бүгін Көкшетауда Қазақстанның"Байтақ" жасылдар партиясының Ақмола облыстық филиалы Президент Жолдауын насихаттау, бағыт-бағдар беру мақсатында жастармен кездесу өткізді.
Кездесуге Ақмола облыстық "Байтақ" партиясы филиалының төрағасы Баяжума Асылбек бастаған партияның саяси кеңес мүшелері мен белсенді азаматтар, Көкшетаудағы жоғарғы "Арна" колледжі мен құрылыс колледжінің студенттері мен оқытушылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық партия филиалының саяси кеңес мүшесі Яндиев Герихан Ибрагимұлы, Көкшетау қалалық "Байтақ" партиясы филиалының төрағасы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, саяси кеңес мүшесі Барыбин Игорь Александрович, партияның атқарушы хатшысы Абзал Тоқанов, облыстық билер кеңесінің төрағасы, саяси кеңес мүшесі Дахан Шөгшірұлы қатысты.
Жиынды облыстық филиал төрағасы ретінде Баяжума Асылбек жүргізді.
Жастарға Президент жолдауындағы басты бағдарлар мен әлемдік экология және Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасының мән-маңызы, облыстағы экологиялық ахуал туралы кеңінен түсіндірілді.
Партия филиалы облыстағы түрлі шараларға белсенді қатысу арқылы партияның беделін арттыруға, мүшелер санын көбейту мақсатында көптеген игі істер атқарып жатыр.