Munarmedia.kz.15.09.2025 ж. /Астана/ - Ресей Мемлекеттік Думасына «Жаңа адамдар» фракциясының депутаттары еңбек мигранттарының шетелге аударатын қаражатын олардың ресми айлық жалақысымен шектеуді көздейтін заң жобасын ұсынды. Бұл туралы фракцияның баспасөз қызметі хабарлады.
Бастама «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңға өзгеріс енгізуді қарастырады. Депутаттардың айтуынша, 2023 жылы мигранттар өз еліне жіберген қаржы көлемі 18 млрд АҚШ долларынан асқан.
«Қолданыстағы заңнамада мигранттардың шетелге аударған қаражаты олардың ресми табысына сәйкес келе ме, жоқ па – мұны тиімді қадағалайтын тетіктер қарастырылмаған», – деп мәлімдеді фракция өкілдері ТАСС агенттігіне.
Заң жобасының мақсаты – табыс көзі ресми түрде құжатпен расталмаған қаражаттың елден тыс жерге шығарылуына жол бермеу.