Munarmedia.kz 24.12.2025 /Астана/ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин ТМД-ның бейресми саммитінен кейін жеке кездесу өткізіп, стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.
Кездесу барысында Ресей Президенті: «Қазақстанмен біздің арамызда ешқандай даулы мәселе жоқ», – деп атап өтті.
Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы өзара іс-қимылды жоғары бағалап, 2025 жылы екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамығанын атап өтті. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда тұрақты түрде нығайып келеді.