Munarmedia.kz 22.12.2025 /Астана/- Парламенті Сенаты ЛГБТ* мен педофилияны насихаттауға тыйым салу туралы заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары. Құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілді.
Аталған заң архив ісі мәселелері мен құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Құжатқа сәйкес, педофилия мен ЛГБТ*-ны насихаттайтын ақпаратты қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникациялық желілерде және онлайн-платформаларда орналастыруға тыйым салынады.
Мәдениет және ақпарат вице-министрінің айтуынша, «насихат» ұғымына оң бағалау беру және оған қосылуға шақыру әрекеттері жатады.
Заңсыз контент таратқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: алғаш рет құқық бұзушылық жасағаны үшін 140 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады, ал қайталап жасалған жағдайда айыппұл көлемі 280 долларға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар, 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы да көзделген.
* Ресей Жоғарғы сотының шешімімен «халықаралық ЛГБТ қозғалысы» экстремистік деп танылып, ел аумағында тыйым салынған.