Munarmedia.kz 24.12.2025 /Астана/ Екі аптадан кейін жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына қатысты тексеру жұмыстары басталады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, достар мен туыстар арасында жеке қажеттіліктер үшін жасалатын ақша аударымдары кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылмайды.
Алайда кәсіпкерлік қызметтің белгілері ретінде жеке шотқа үш ай қатарынан 100 және одан да көп түрлі жіберушіден тұрақты түрде қаражат түсуі, сондай-ақ аударымдардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (шамамен 1 млн теңгеден) асуы көрсетілген. Осындай жағдайларда екінші деңгейлі банктер тиісті мәліметтерді салық органдарына жолдайды.
Егер азаматқа салық органынан хабарлама келіп түскен жағдайда, оған 30 жұмыс күні ішінде салықтық есептілікті тапсыру немесе кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ табыстың көзін түсіндіру мүмкіндігі беріледі.