Қытайда полиция қызметкерлеріне жасанды интеллекті бар көзілдірік берілді

35

Munarmedia.kz 16.12.2025 /Астана/ Қытайда құқық қорғау органдары қызметкерлері жасанды интеллект (ЖИ) технологиясымен жабдықталған арнайы көзілдірікті қолдана бастады. Аталған құрылғы полицияға адамға немесе көлікке қараған сәттен бастап 1–2 секунд ішінде толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

ЖИ-көзілдірік арқылы азаматтың жеке басына қатысты деректер, құқық бұзушылықтар тарихы, тіркеу мәліметтері, сондай-ақ көлік құралдарының заңдылығы мен мәртебесі жедел түрде анықталады.

Құрылғының ішіне бет-әлпетті және автокөліктерді тану жүйесі, 10-нан астам тілді қамтитын автоматты аудармашы, сондай-ақ бейнетіркеу функциясы орнатылған. Бұл полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті бақылауды күшейтуге бағытталған.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай технологиялар құқық қорғау саласын цифрландырудың жаңа кезеңін көрсетеді. Алайда дербес деректердің қорғалуы мен жеке өмірге қолсұқпаушылық мәселелері де қоғамдық талқылауды қажет етеді.