Munarmedia.kz 16.12.2025 /Астана/ Өзбекстанда ұлттық ас әзірлеу бойынша ерекше рекорд орнатылып, бір қазанда 9 тонна палау дайындалды. Ауқымды тағам дайындауға өте көп көлемде азық-түлік қоры жұмсалған.
Атап айтқанда, палауға 2,5 тонна сиыр еті, 3 тонна сәбіз, 2,5 тонна күріш және 750 литр мақта майы пайдаланылған.
Дайындалған тағам — өзбек ұлттық асханасының басты нышандарының бірі саналатын Хорезм палауы. Оның ерекшелігі — ингредиенттерді кезең-кезеңімен қуыру және судың аз мөлшерде қосылуы, бұл палауға ерекше қанық дәм мен хош иіс береді.
Іс-шара ұлттық гастрономиялық мәдениетті дәріптеуге бағытталған және туристер мен қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Фото: Өзбекстанның туризм жөніндегі комитеті