Munarmedia.kz 16.12.2025 /Астана/ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, егемендікті сақтау мен нығайтудың тарихи маңызын атап өтті.
«Тәуелсіздік – бәрінен биік! Осы қағидатты берік ұстану – өткен және келер ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілігіміз.
Осындай жағдайда біз жас әрі прогрессивті ұлт ретінде болашаққа оптимизм мен сеніммен қарап, ел бірлігін күшейтіп, қажырлы еңбек етуіміз қажет. Бұл еліміздің жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігі мен беделін арттыруға, Қазақстанды өркендеген мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Президент өз сөзінде тәуелсіздіктің ел дамуының басты құндылығы екенін атап өтіп, қоғамды ортақ мақсат жолында топтасуға шақырды.