Қытай сапары Қазақстанға 15 млрд доллар инвестиция әкелмек

39

Munarmedia.kz.05.09.2025 ж. /Астана/ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан экономикасына 15 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылуы күтілуде. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады.

Бейжіңде 100-ден астам қазақстандық және қытайлық компания арасында 70-тен астам келісімге қол қойылады деп жоспарлануда. Жобалар энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік және логистика салаларын қамтиды. Келісімдердің нәтижесінде елге жаңа капитал құйылып қана қоймай, қазақстандықтар үшін мыңдаған жұмыс орны ашылады деген үміт бар.

Мемлекет басшысы екі елдің әріптестігі жыл өткен сайын жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі тарихи рекорд — 44 млрд АҚШ долларына жеткен.

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін жоғары бағалап, «біздің елдерімізді тағдыр біріктірген сенімді көршілік, жақын достық және мәңгілік стратегиялық әріптестік байланыстырады» деп мәлімдеді.