Көкшетауда "Байтақ" жасылдар партиясыгың Ақмола облыстық филиалының партия конференциясы өтті.

73


Конференцияға партия төрағасы Азаматхан Әміртаев, ҮЕҰ мүшелері, жас экологтар, партия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Көкшетау қаласының партия филиалының төрағасы Барыбин Игорь, Егіндікөл филиалының төрағасы Құсайынов Нұрлан, Аршалы филиалының төрағасы Емцова Виктория қатысты.

Партия жарғысы бойынша шақырылған 51 делегат түгел қатысты.

Дауыс беру нәтижесі бойынша облыстық партия филиалының төрағасы ретінде мені және 10 саяси кеңес мүшесі бірауыздан сайланды.


Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев конференцияға қатысушыларды құттықтап, бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасарлары Мұрат Балпан, Досұлан Айтбаевпен, экология, табиғи ресурстарды қорғау департаментінің басшыларымен және экологиялық бағыттағы"ЭКОС" мектеп-лицейімен және облыстық ардагерлерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғмановпен, билер кеңесінің төрағасы Дахан Шөгшірмен кездесті.