Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытай Қазақстанға АЭС салуға Ресейден екі есе арзан баға ұсынды

45


Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі тендерге Қытай мен Ресей арасында қызу бәсеке жүріп жатыр. Бұл туралы Exclusive.kz хабарлайды.

Қытайлық басылымдардың жазуынша, Қытайдың Ұлттық ядролық энергетика корпорациясы (CNNC) Қазақстанға қуаттылығы 2,4 ГВт болатын екі HPR-1000 реакторын бар болғаны 5,5 миллиард АҚШ долларына салуды ұсынған.

Ал ресейлік «Росатом» дәл осындай жоба үшін 12–15 миллиард доллар сұрап отыр. Яғни, Қытайдың ұсынысы Ресейдікінен екі есе арзан болып отыр.

HPR-1000 немесе Hualong One – Қытайдың үшінші буындағы, өз технологиясы негізінде әзірленген атом реакторы. Бұл жобаға Пәкістан мен Аргентина да қызығушылық танытып отыр. Қауіпсіздігі жоғары саналатын бұл реактор жер сілкінісі мен цунамиден аман қалуға қауқарлы. Сондықтан оны «атом энергетикасының танкісі» деп атайтындар да бар.

Ең қызығы – Қытай Қазақстанға тек реактор салумен шектелмей, ядролық отын циклі мен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуға да көмектесуге уәде беріп отыр.

Ал Ресейдің бұл тұрғыда қандай ұсынысы бар? Қытай ұсынған кешенді әрі кең көлемді әріптестікпен «Росатом» теңесе ала ма – бұл әзірге белгісіз. Дегенмен, қай мемлекет жеңіске жетсе де, Қытайдың ядролық энергетика саласындағы жаһандық экспансиясының қарқынын тоқтату мүмкін емес секілді.