Қытай компаниясы Ақмола облысында агрожобаға 20 миллион доллар инвестиция салмақ

38



Munarmedi.kz 02.11.2025 /АСТАНА/ Астанада өткен KGIR 2025 халықаралық форумында Ақмола облысы әкімдігі мен Қытайдың Beijing Guocheng Shenghua Investment компаниясы өзара ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Келісім аясында қытайлық инвестор аймақта элеватор мен қайта өңдеу зауытын салуға 20 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жоба агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл нысан алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі агрохабқа айналмақ.

Фото: Freepik