Munarmedia.kz 14.04.2026/Astana/ – Ол өз мәлімдемесінде Папаның қылмысқа қарсы саясатта әлсіз екенін және сыртқы саясатта тиімсіз әрекет ететінін атап өтті. Сондай-ақ, Трамп католик шіркеуі мен өзге де христиан ұйымдары пандемия кезінде қысым көргенін айтып, бұл мәселеге Папа тарапынан жеткілікті назар аударылмағанын сынға алды.
Бұдан бөлек, ол Иранның ядролық қаруға ие болуына қатысты көзқарасқа қарсы екенін жеткізіп, АҚШ-тың сыртқы саясаттағы кейбір әрекеттерін қорғады. Трамп өз сөзінде Венесуэлаға қатысты саясатты да қозғап, бұл елден АҚШ-қа есірткі мен қылмыскерлер ағылып жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол АҚШ-тағы қылмыс деңгейінің төмендеуін және қор нарығының өсуін өз жетістігі ретінде атап өтті. Трамптың айтуынша, Папа Лев өз қызметінде саяси ұстанымдардан гөрі діни миссияға көбірек көңіл бөлуі қажет.
Ол өз жазбасында : «Маған Америка Венесуэлаға шабуыл жасағанын сұмдық деп санайтын Папа қажет емес. Сондай-ақ, АҚШ президентін сынайтын Рим Папасын қаламаймын», – деді.
Сонымен қатар, Трамп: «Егер мен Ақ үйде болмасам, Лев Ватиканда болмас еді», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар өзін құдай бейнесінде келтіріген суретінде салып қойған.
Ол Папаны солшыл күштерге жақын тұлғалармен байланыс орнатты деп сынап, бұл жағдай католик шіркеуінің беделіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.
#Трамп #ПапаЛев #АҚШ #Ватикан #Саясат #ХалықаралықҚатынас