Ресейлік "СИБУР" мен Тимур Құлыбаевқа қарасты Almex Petrochemical бірлесіп иелік ететін "Атырау Мұнайхим" компаниясы құны 1,6 млрд теңге тұратын жер учаскесін мемлекетке қайтарып берді деп жазады Ertenmedia.
Ақыры міндеттемесін орындамаған "Атырау Мұнайхим" арнайы экономикалық аймақтың қатарынан шығарылып, сенімгерлік келісім бұзылды.
Прокурорлардың айтуынша, тексеріс барысында жалпы аумағы 31,4 мың гектарды алып жатқан тағы 16 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Олардың нарықтағы бағасы 200 млн теңгеге жетіп жығылады.
Ал "Атырау Мұнайхимнің" екі қожайыны бар.
Бірі ілгерідегі "СИБУР", екіншісі Almex Petrochemical. Almex-тың иесі Joint Technologies компаниясы, оның тізгіні атышулы "Кипрос" ЖШС-ның қолында. Дәл осы "Кипросты" Құлыбаев бақылайды.
Аймақ прокуратурасының дерегінше құны 250 млн теңге, аумағы 3,46 гектар учаскі кезінде пирс тұрғызуға берілген екен. Күйеубаланың компаниясы жерді игерместен босқа ұстап келген.
"Тимур мен оның командасының өрісі одан сайын тарыла түседі" дейді жағдайдан хабардар қауым.