Munarmedia.kz. 5.08.2025 ж. /Астана/-Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрін ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Лауазымды тұлға пара алу күдігіне ілініп, сот шешімімен қамауға алынды.
ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде ұсталған шенеуніктің аты-жөні нақты аталмаған.
Алайда өткен аптада бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталғаны туралы хабар таратқан болатын. Әлеуметтік желілерде тараған бейресми мәліметтерге сәйкес, шенеунікке 78 мың АҚШ доллары көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдік тағылып отыр. Сонымен қатар, заңсыз қамқорлық көрсеткен болуы мүмкін деген нұсқалар да айтылуда.
Сәтжан Аблалиев ҚР Көлік министрлігіндегі вице-министр қызметіне 2023 жылғы 6 қазанда тағайындалған еді.