ҚР Президенті қабылдауында АФМ басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес нәтижелерін баяндады

15

Munarmedia.kz.15.09.2025 ж. /Астана/-Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Қазақстандағы көлеңкелі экономикамен күрес және қаржылық қауіпсіздікті нығайту бағытында бірқатар маңызды деректерді ұсынды.

Агенттік мәліметінше:

  • Жалған компаниялар арқылы 24 миллиард теңгеден астам қаржы қолма-қол айналымға шығарылған.

  • 20 заңсыз криптовалюта айырбастау пункті анықталып, олардың есірткі саудасынан және алаяқтықтан түскен қаражатты «тазартқаны» дәлелденді.

  • ТМД көлеміндегі ең ірі криптосервис жойылды. Ол Darknet-тегі 20 алаңмен жұмыс істеп, 200-ден астам «наркошопты» қамтамасыз еткен. Бұл іс аясында 9,7 миллион доллар көлеміндегі виртуалды активтер бұғатталды.

  • 17,1 миллиард теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды.

  • Темекі өнімдері мен жалған алкоголь өндірісімен айналысқан 18 жасырын цех әшкереленді.

  • 12 миллиард теңгенің вейпі тәркіленді.

  • 200 миллиард теңге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан стоматология саласы арқылы шығарылған.

  • 300 мыңнан астам несие алушының қарызын қайтару және есептен шығару бағытында жұмыс жүргізілуде.

  • 45 қаржылық пирамида таратылды, олардың қызметіне 112 мыңнан астам қазақстандық тартылғаны белгілі болды.

Президентке ұсынылған бұл деректер қаржылық қылмыстардың ауқымын айқын көрсетіп отыр. Сарапшылардың пікірінше, көлеңкелі экономиканың алдын алу шаралары Қазақстанның қаржы жүйесін қорғау ғана емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да шешуші мәнге ие.