Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының төртінші сьезі өтті

186

Кеше елордада Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясының төртінші сьезі өтті. Еліміздің түкпір -түкпірінен келген делегаттар мен қонақтар күн тәртібіне бірнеше мәселені қарады. Оның ішінде партияның саяси кеңес құрамына жаңа мүшелер қабылданып, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовты "Нобель" сыйлығына ұсынды.

Делегаттар алдында сөз алған партия төрағасы Азаматхан Әміртаев "Байтақ" партиясының сьезіне келген делегаттарды құттықтап, алға қойылған мақсат міндеттерге жету үшін, күш біріктіріп, Президентіміздің жүргізіп отырған реформасына қолдау көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар партия биылғы жылы халықаралық саясатта әлемнің жасылдар партияларымен байланыс орнатып, ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Еіліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында партия филиалдары ашылып, қарқынды жұмыс жасауда.

Біздің партиямыз еліміздің барлық аудан, қаласында филиалдарын ашып, жасыл саясатты дамытуға үлесін қосатын әріптестер, партия мүшелерінің санын көбейтуіміз керек деді Азаматхан Әміртаев. Сьез соңында белсенді азаматтар"Байтақ" партиясының бірінші, екінші дәрежелі медальдармен марапатталды.