Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі қайтыс болды

102


46 жастағы шенеуніктің мәйіті 20 желтоқсан күні кешкі сағат тоғыздар шамасында табылған. Қайтыс болу фактісін аудандық әкімдік растады.

Марқұмның денесі өз үйінен анықталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.

Munarmedia.kz 22.12.2025 /Астана/