Қазақстандықтар қымбатшылыққа байланысты етті аз сатып ала бастаған

31

Қазақстандықтар азық-түлік бағасының қымбаттауын қатты сезініп отыр. DEMOSCOPE зерттеу бюросының «Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі» атты сауалнамасына қатысқан 17 өңірдегі 1100 адамның: 👉🏻62%-ы етті бұрынғыдан сирек сатып алатынын айтты. Басты себеп - бағаның өсуі; 👉🏻24,5%-ы қымбатшылыққа байланысты көкөніс пен жеміс-жидек тұтынуды азайтқан; 👉🏻20,5%-ы балыққа, 16,9%-ы сүт өнімдеріне, 12,1%-ы нан мен ұн тағамдарына үнемдей бастаған; 👉🏻11,2%-ы шұжықтан, 10,9%-ы тәттіден бас тартқан. Соған қарамастан, респонденттердің 24,1%-ы әлі де азық-түлікке үнемдемейтінін айтады. Сауалнамаға қатысқандардың 45,1%-ы Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін «жоғары» деп бағалаған.