Қазақстандықтар мемлекеттік органдарға қарсы талап-арызды жиілетті

46



Munarmedia.kz 23.08.2025 ж. /Астана/-Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін сот процестері айтарлықтай көбейді.

Ranking деректеріне сүйенген Exclusive.kz жазуынша, акиматтар мен министрліктерге қарсы берілген талап-арыздардың саны екі есеге жуық артқан. Егер 2021 жылы соттарға мемлекеттік органдарға қатысты 14,5 мың талап-арыз түссе, 2024 жылы олардың саны 32,9 мыңға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға көп.

Істердің нәтижесі талап-арыз қай органға қатысты берілгеніне байланысты. Мәселен, акиматтарға қарсы сот дауларының 65,7 пайызында азаматтар мен компаниялар жеңіске жеткен. Ал Бас прокуратураға қатысты істердің басым бөлігі ведомствоның пайдасына шешіледі — талапкерлердің жеңу үлесі небәрі 7,7 пайызды құраған.

Сонымен бірге, жекелеген мемлекеттік қызметкерлер тек тәртіптік шаралармен ғана емес, сот алдында да жауап береді. Егер заңбұзушылықтар немесе іс жүргізудегі қателіктер анықталса, оларға айыппұл салу түріндегі шаралар қолданылады. Статистикаға сәйкес, жыл сайын 200-ден астам лауазымды тұлға мұндай жазалауға тартылады.

• Фото: Depositphotos