Қазақстанда заңсыз балық экспорттаған кәсіпорын басшылары сотталды

45

Munarmedia.kz 10.11.2025 /Астана/-Қызылорда облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі (АФМ) «СПК Қызылорда Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылығына қатысты тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылы компанияның басшылары 75 тоннадан астам көксерке филеcін Еуропа елдеріне 254 млн теңге көлемінде экспорттаған. Бұл ретте кеден органдарына балықтың аффилиирленген шаруашылықтардан сатып алынғаны жөнінде жалған құжаттар ұсынылған.

Тексеру барысында іс жүзінде көрсетілген көлдер мен тоғандар құрғап кеткені, ал тасымалдау үшін пайдаланылған жүк көліктерінде тоңазытқыш жабдығы болмағаны анықталды. Сондай-ақ компания жалған шот-фактуралар мен ветеринариялық анықтамаларды пайдаланған.

Сот шешімімен серіктестік құрылтайшысы Аманбай Ерхатов пен директор Ләззат Қайыпназарова кінәлі деп танылып, әрқайсысына екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын — 254 млн теңге — толық көлемде өндіріліп, бюджетке қайтарылды.