Қазақстанда мектептер мен балабақшалардағы санитарлық бақылау жаңа ережелер бойынша жүргізіледі

28

Munarmedia.kz. /Астана/ 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитарлық тексерулер жаңа тәртіппен өтеді. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын күшейту, бақылау мәдениетін жаңғырту.

Жаңа ережелер не әкеледі?

🔘 Жоғары қауіп санатындағы ұйымдар – жылына екі рет тексеріледі.
🔘 Төмен қауіп санатындағы ұйымдар – жылына бір реттен артық тексерілмейді.
🔘 Тексерілетін нысандардың бірыңғай тізімі ашық түрде жарияланады, яғни ата-аналар мен қоғам процессті толық бақылай алады.
🔘 Санитарлық бақылау міндетті түрде нысанға барып, нақты жағдайды көру арқылы жүргізіледі.
🔘 Алғашқы тексеру кезінде айыппұл салынбайды – мекемеге кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі.
🔘 Санитарлық дәрігерлердің өкілеттігі кеңейеді, бұл оларға мәселелерді жылдам анықтап, тиімді шара қолдануға мүмкіндік береді.

Заңға Мемлекет басшысы қол қойған. Қазір жаңа нормаларды іске асыруға қажет барлық қосымша актілер әзірленіп жатыр.

Білім беру саласындағы бұл реформалар балалардың күнделікті қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, мектептер мен балабақшалардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.