Пекиндегі байқауда шет ел азаматтары қазақ тілінен өзара сынға түсті

27

Munarmedia.kz. /Астана/ 08.12.2025- Қытай астанасында қазақ тілін меңгерген шетелдіктер арасында ерекше форматтағы байқау өтті. Сахнаға Пекин тіл және мәдениет университетінің, Далянь шет тілдер университетінің студенттері, сондай-ақ қазақ тілін өз бетінше үйреніп жүрген қытай азаматтары көтерілді. Қатысушылардың тілді меңгеру деңгейі, көркем сөйлеуі мен шығармашылық қабілеті сынға салынды.

Көрермендердің ерекше ықыласын 62 жастағы Лю Сяолань есімді қатысушы аударды. Ол байқауға ешқандай арнайы дайындықсыз – тек өз еңбегіне сүйеніп келген. Лю ханым Қазақстанның мемлекеттік Гимнін жүректен шығарып, нақышына келтіре орындап, залды толқытты.

«Мен химикпін, былтыр зейнетке шықтым. Қазақ тілін 2020 жылы үйрене бастадым. Алдымен Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдап, оның өнеріне қызықтым. Содан кейін оқулықтар сатып алып, жай ғана өз бетімше оқи бастадым. Бұл тілді шын жүрегіммен жақсы көріп кеттім», — дейді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Пекиндегі қазақ тілі байқауы соңғы жылдары қытайлық жастар мен ересектер арасында ерекше танымалдыққа ие болып келеді. Бұл мәдени байланыстарды нығайтып, қазақ тілінің халықаралық деңгейде танылуына жол ашып отыр.