Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтардың жеке деректерін интернет арқылы заңсыз сатқан қылмыстық топты әшкереледі.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер мемлекеттік дерекқорлардан заңсыз ақпарат алып, оны Telegram-арналар арқылы таратқан, сондай-ақ кейбір коллекторлық компанияларға берген.
«140-тан астам адам ұсталды, олардың қатарында компания иелері мен арна әкімгерлері бар. Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды. Коллекторлық компанияларға жүргізілген тінту барысында 400-ден астам компьютер және басқа да электрондық техника тәркіленді», — деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Аталған факті бойынша мынадай баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды:
-
ҚР ҚК 205-бабы 3-бөлігі — «Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу»;
-
147-баптың 5-бөлігі — «Жеке өмірге қолсұғушылық және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу»;
-
211-баптың 3-бөлігі — «Шектеулі қолжетімді электрондық ресурстарды заңсыз тарату».
Құқық қорғау органдары бұл іске қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтап жатыр және азаматтардың жеке деректерінің таралуына жол бермеу мен сандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
Егер осы тақы